Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

Жастар денсаулығы орталығының (ЖДО) Шымкент қаласындағы бөлімі келесі қызметтер көрсетеді:

  • репродуктивтік денсаулық пен отбасын жоспарлау жөнінде маман кеңесі;
  • психолог кеңесі;
  • заңгер кеңесі;
  • уролог кеңесі;
  • дерматовенеролог (косметолог) кеңесі;
  • ЖТД кеңесі;
  • ақпарат-ағартушылық материалдарды дайындау және басып шығару; 

Сонымен қатар ЖДО – да денсаулықты нығайту мақсатында құрылған «Олимп» атты шынығу залы қызмет жасап тұр. Жастар мен жасөспірімдерге тренинг өткізу, волонтерлерді дайындау үшін үлкен және кіші тренинг залдары бар. ЖДО келген адамдар «Rubicom» атты интернет клубынан тегін ақпарат ала алады. 

Қазақстанның Іскер Әйелдер бірлестігі (ҚІӘБ) волонтерлерінің қолдауымен ағылшын тілін оқу мақсатында English club ұйымдастыру жоспарлануда.

Біздің орталық мына ұстанымдармен жұмыс жасайды:

  • Еркіндік
  • Қолжетімділік
  • Сенімділік
  • Игітілеушілік

ЖДО барлық қызметтері тегін және анонимді. Біз күн сайын таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейміз(9:00 – 18:00, түскі үзіліссіз). Сенім телефоны +7 (7252) 41-03-03, осы арқылы ақпарат алуға немесе маман кеңесіне алдын- ала жазылуға болады. 

Біздің мекен- жайымыз: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесаі, 6.

Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...