Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

Қазіргі заман жаңадан мүмкіндіктер ашуда және сонымен қатар қауіп те тудыру да...... Бұдан қалай шығуға болады?!

Біздің қалада саған арналған жастар орталығы бар!

Саған ол көмек береді!

Орталықта өз маманының шеберлері жұмыс істейді, олар сіздің денсаулығыңызды сақтау және нығайту жолында еңбек етеді.

Жастар денсаулығының орталығында гинекологтың, урологтың, психологтың, әлеуметтік қызметкердің, терапевттің, невропатологтың және т.б. мамандардың қызметтері тегін көрсетіледі.

Біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымдары:

Қолжетімділік, Еркіндік, Игітілекшілік.

Дәрігер гинеколог отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулық, контрацепция және кездейсоқ жүктілік пен аборттардың алдын- алу жөнінде кеңес береді. 

Уролог ер адамдардың денсаулығын сақтау жайлы толық ақпарат бере алады.

Қиын жағдай, қайда баратыныңды және не істейтініңді білмесең – саған әлеуметтік қызметкер көмектесе алады.

Өмірде күйзелістік жағдайлар болып тұрады, жақын және сүйікті адамдармен ренжісіп қаламыз – мұндай жағдайларда саған психолог кеңесі көмегін тигізеді.

Сен жассың, креативтісің, энергия мен күшің мол.

Сенің өмірің әлі алда және сен үшін жолдардың бәрі ашық.

Сен Жастардың денсаулық орталығында волонтер болып жұмыс істей аласың. Арнайы тренингтерге қатысып, қажетті дағдыларды үйрену арқылы жаттықтырушы бола аласың. Қаламыздың өміріне белсенді ат салыс!

Бізбен бірге қызықты! Бізде сен жаңа достар мен өзіңді табасың!
Телефон шал! Кел! Сені қуанышпен қарсы аламыз!

Мекен- жай: Семей қаласындағы студенттер емханасы негізіндегі № 5 аралас типті емхана, Қабанбай көшесі, 81, тел. +7 7222 643371 (тел., факс)

Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...