Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

"Рационалды ойлау" тақырыбына арналған сынақтар

Сіз қаншалықты рационалды ойлай аласыз?

Сұрақтарға жауап беріңіз және "а", "б", "в" жауаптарының қайсысына жиі жауап бергеніңізді санаңыз.

1. Сіз саяхатқа шығуды жоспарладыңыз. Сіздің басты ұстанымыңыз қандай?
а) Бастысы — әр күні жаңа үлгіде киіну.
б) Тек керекті киімді алып жүру.
в) Аз ғана заттарды алу.

2. Құрбыңыз йога сабағына бірге баруды ұсынды. Сіз оған бірінші қандай сұрақ қояр едіңіз?
а) Сабақ өтетін жер қалай жабдықталған?
б) Жаттығудың қандай тиімділігі бар?
в) Бағасы қанша?

3. Парфюмерлік дүкеннен сүйікті иіссуыңызды алуды жоспарладыңыз. Кассадан білгеніңіздей, осы иіссуға бір аптадан кейін жеңілдіктер жүреді. Осындай жағдайда не істейсіз?
а) Ешнәрсеге қарамасатан сол иіссуды сатып аласыз.
б) Шетке шығып, біраз ойланасыз: бір жағынан үлкен жеңілдік емес қой...
в) Сатып алуды кейінге қалдырасыз.

4. Сіз асүйлік комбайн таңдап жүрсіз. Қандай критерий сіз үшін маңызды?
а) Дизайн.
б) Ықшамдылығы.
в) Көпқызметтілігі.

5. Супермаркеттен бір аптаға шамалап азық-түлік сатып алайын дедіңіз. Нақты не аласыз?
а) Дәл сол кезде не алғыңыз келсе, барлығын алу.
б) Ең керекті азық - түліктер мен көбірек тәтті тағамдар.
в) Алдын ала жасалған тізім бойынша сауда жасау.

6. Сізге дереу валютаны айырбастау керек болды. Сіз бірінші қайда барасыз?
а) Жақын маңдағы айырбастау пунктіне.
б) Сенімді айырбастау пунктіне.
в) Тек қана банкке.

Өз нәтижеңді біл

"а" жауабы басым болса
Сіз еркін адамсыз және есеппен жүруді, алдын ала жоспарлауды қаламайсыз. Қаласаңыз, үнемдеуді ұмытып, бағалы заттарды (керек емес болса да) алудан да бас тартпайсыз. Сіз көбінесе ақыл емес, жүректің қалауына жүгінесіз.

"б" жауабы басым болса
Сіз кей жағдайда алдын-ала жоспарланбаған іс-әрекеттерге барасыз, тіпті ва- банкке. Жиі осындай тәуекелге баруыңыз сізге пайда әкеледі. Сіз өзіңізді таңдауыңыздың дұрыс екендігіне сендіресіз және қателеспейсіз. Сіздің тәжірибелігіңіз терең ақылмен тығыз байланысты, соған байланысты сіз басқа адамдарға қарағанда жиі табысқа жетіп жүресіз.

"в" жауабы басым болса
Үнемділігіңіз сіздің балалық шағыңыздан бар, бәрін алдын- ала есептеп аласыз. Сіз барлық нәрселерге немқұрайлы қарамайсыз және бәрін ақылға салып шешесіз. Осы үшін сізді туыстарыңыз бағалайды. Достарыңыз сіздің берген кеңестеріңізге ешқашан күмән келтірмейді.

 
Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...