Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

«Сиқырлы заттар дүкені» тақырыбына арналған сынақтар

Балалық шағымызда бәріміз сиқыршы болуды армандадық. Қазірдің өзінде ғажайып нәрселерді жасай алатын сиқыршының орнында болуды ойлайтын шығарсыз. Ал фантазия сіздің мінезіңіз жайлы көп ақпарат бере алады.

Елестетіңіз, сіз сиқырлы заттар сатылатын дүкенде жүрсіз. Дүкен сөрелерінде әр-түрлі ғажайып заттар тұр:

Сіз қандай затты таңдайтын едіңіз?

Көрсетпейтін қалпақ

Сіз басқа адамдар байқамайтын нәрселерді көре аласыз. Сіз қырағысыз және болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайсыз, достарыңыз бен таныстарыңыздың жұмыстарына үнемі араласып жүресіз. Соған қарамастан өзіңіз құпияда жүруді және көп назарға ілікпеуді қалайсыз.

Кілем-ұшақ

Сіз өте сақ емессіз. Маңызды, бірақ көзге көріне бермейтін мәселелерді жіберіп аласыз. Бірақ, сізде логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Эрудицияны талап ететін тапсырмалар сізге қиынға түспейді.

 Болашақты көрсететін айна

Сіздің өміріңізде алға қойған міндетіңіз – барлығын бір уақытта алу. Сіз көп күте алмайсыз, яғни шыдамсызсыз. Осыған қарамастан, көп нәрселерге қол жеткізе аласыз. Айналадағы адамдар сізді креативті көзқарасыңыз үшін бағалайды. Сіз – бірегей емес шешімдер мен шынайы іс- әрекеттердің шеберісіз.

Уақыт машинасы

Сіздің басты артықшылықтарыңыз – талдаулық мүмкіндіктер, қиын жағдайлардан тез шығып кету және өзіңізге жауапкершілік жүктей алуыңыз. Сіз болып жатқан оқиғаларға, тіпті тарихқа әсер ете аласыз.

Қабырға арқылы көруге мүмкіндік беретін эликсир

Сіз әр нәрсеге беткей қарай алмайсыз. Шешім қабылдамай тұрып, мәселені жан жақты талдап аласыз. Тіпті кей жағдайда өсек айтудан да бас тартпайсыз. Ал егер де сіз туралы біреулер талқылайтын болса, ренжіп қалуыңыз мүмкін.

Басқа адамдарға немесе жануарларға айналдырып жіберетін жақпамай

Сіз кикілжің жағдайларды ұнатпайсыз. Сіздің басты ұстанымыңыз " Үлкенге құрмет, кішіге ізет". Егер де іс маңызды болып табылса, өз қалауыңызды ұзақ қорғайсыз. Жаңа жағдайларға, адамдарға тез бейімделесіз. Сіз ашық, көпшіліктің назарын аудара алатын адамсыз, сіздің ойыңызды сыйлайды.

Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер

Сізді алдау оңай емес, өйткені сіз адамдарды тани білесіз, ойын оңай сезінесіз. Сіз ақылға емес, көбінесе интуицияға жүгінесіз. Сіз айналадағы адамдардың ойына тәуелдісіз және барлықтарымен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысасыз.

Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық

Сіз өте ашық адамсыз. Сіздің достарыңыз көп. Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне тез кіресіз. Бірақ құпия сақтай алмайсыз, сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз. Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.

 
Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...