Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

Астана қаласындағы «Демеу» жастар денсаулық орталығы гинекологиялық, урологиялық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсетеді, лабораториялық зерттеулер өткізіді жанұя жоспарлау және өсімталдық денсаулық (жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар, жүктілік, аборттар және т.б.) ВИЧ/СПИД мәселелері, қақтығыстарды болдырмау проблемалары, жанұя мәселелері бойынша ақпарат және кеңестер ұсынады, ұрықтануды болдырмау құралдары беріледі, жастар мен ЖДО қызметкерлері үшін скринингтік зерттеулер, тренингтер және семинарлар, оқыту акциялары өткізіледі, кітапша түрінде денсаулық туралы жалпы ақпарат таратылады. Сондай-ақ  +7(7172)27-45-15 сенім телефоны арқылы телефон шалуға болады.  

Егер сен өзіңнің құрбыларыңның қалай өмір сүріп жатқанын білгің келсе және сенің басқаларға айтпағың болса, Орталықта «ИНЬ-ЯН» пікір алысу клубы жұмыс істейді. Кездесулер сәрсенбіде, сағат 16.00 өтеді. Клубта сен өзіңнің өмірлік оң ұстанымдарыңды қалыптастыруды үйренуіңе, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша өз біліміңді арттыруға, өзіңнің шығармашылық әлуетіңді іске асыруға, өзіңнің құқықтық деңгейіңді және т.б. жетілдіруге болады.

Сонымен қатар, әр бір жұма күні, өзіңе ыңғайлы уақытта, сен арттерапия сабақтарында өзіңнің ішкі дүниеңді ашуыңа немесе ол туралы айтып беруіңе болады.

Біздің мамандардың кеңестері тегін, құпиялылық сақталады.

Кеңес алу уақыты шектелмейді. Мұнда мына принциптер сақталады:

Сенім! Тілектестік!

Қол жетерлік!

Еріктілік!

Бізге кіру қорқынышты емес

Сұрауға ұят емес

Мұнда кез келген проблеманы жеңуге көмек көрсетіледі!

Мүмкін, проблемалар азаймайды, алайда құнды деректер мен тілектестік қарым-қатынастар, проблемаларды тезірек және оңай шешуге көмек етеді.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Аблайхан даңғылы 1, негізгі қабат, тел. + 7 (7172) 274512, 274515

 

 

Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...