Close

Нет логина? Зарегистрируйтесь

lock and key

Войти в свой аккаунт

Вход в свой аккаунт

Забыли пароль?

Slide 1 Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Сен белсенді және күш қуаты мол жас адамсың. 

Сенің болашағың бар және барлық өмір жолдары саған ашық. Алға қойған мақсаттарыңа қол жеткізу үшін, саған азғана нәрсе: қажетті дағдыларға үйрену және денің сау болғаны керек!

Біз саған көмектесуге талаптанамыз, өйткені бұл Орталық дәл сен үшін ашылды!

Жастар Орталығында гинекологтың, урологтың, дерматологтың, психологтың қызметтері тегін және жасырын негізде ұсынылады!

Дәрігер гинеколог жанұяны жоспарлау және өсімталдық саулық, контрацепция және тілеусіз жүктілік, аборттар бойынша кеңестер өткізеді. Сондай-ақ жанұяны жоспарлау кабинеттерінде сендерге тегін презервативтер және ұрықтануға қарсы таблеткалар алуға болады!

Уролог ер адамның денсаулығын сақтау бойынша толық ақпарат береді. Сенің жас мөлше-ріңе байланысты дерматологта косме-тологиялық проблемаларды шешесің.

Кейде күйзелістік ахуалдар нәтижесінде біз өз эмоцияларымызды бақалауды біл-мей,  жақындарымыз және сүйіктілеріміз-бен ұрсысып қалатын жағдайлар болады. Біздің білікті психолог саған өзіңді өзің ұс-тауды және қарым-қатынастар құпиясын ашуды үйретеді!

Сондай-ақ біздің Орталық базасында жақсы тренажер залы қызмет істейді, Сен бұл залға келіп, спортпен айналысып, өзіңнің жас тәніңді шынықтыруыңа болады!

Интерактивті әдістемелерді қолданумен өткізілетін оқыту тренингтеріне қатысуға болады!

Өзіңде көшбасшы қабылеттерін және коммуникативтік дағдыларды дамыт! Халықаралық ұйымның жаттықтырушысы   бол!

Кел!

Бізбен зерікпейсің!

Саған пайдалы жаңалық ...

Тегін интернет! Бізде ол да бар! Кіріп, оқу бойынша қажетті ақпаратты түсіріп ал, немесе поштаны тексер.

Қош келдің!

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қала-сының Студенттік емхана базасында, Бұхар жырау даңғылы, тел +7 (727) 2478548, 2478215

Жаңалықтар
featured item

Пайдалысы Сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бүкіл әлемнің ғалымдары күн сайын жаңалықтар ашады. Сіз салауатты өмір салты туралы соңғы жаңалықтарды біріші болып білгіңіз келе ме?

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салтын қалай ұстану керек? Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда ең бастысынан бастаңыз – салауатты өмір салтын ұстануды үйреніңіз. Бұл күрделі, бірақ игілікті іс. Төменде салауатты өмір салтының негізгі қағидаттары берілген.

Әрі қарай...
featured item

Темекі шегу Қалай айтсақ та, салауатты өмір салты темекі шегумен, есірткімен және маскүнемдікке салумен ешқандай сәйкеспейді. Сондықтан осы тармақ бойынша да жұмыстар жүргізу керек.

Әрі қарай...
featured item

Салауатты өмір салты Өз денсаулығыңды сақтау және оны жақсарту туралы әрине дәрігерден артық білетін кім бар? Ал дәрігерлердің денсаулығын сақтау бойынша өз құпиялары бар ма екен?

Әрі қарай...
СӨС Салауатты өмір салты | 0 комментариев

Жалпы ақпарат

blog post image

Салауатты өмір салты (СӨС) — аурудың алдын алу және денсаулығын нығайту мақсатында жеке адамның ұстанған өмір сүру дәстүрі. Ағылшынша Healthy lifestyle (СӨС деген сияқты), және Health promotion (денсаулықты нығайту). Салауатты өмір салты адам өмірінің түрлі қырларын дамыту, салауатты ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларын толық орындау жолындағы алғышарт болып табылады. Салауатты өмір салтының өзектілігі қоғамдық өмірдің күрделенуіне, денсаулықты нашарлататын жағдайларды өршітуші техногендік, экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы қауіптердің көбеюіне байланысты адам ағзасына әсер ететін ауыртпалықтар сипаттарының өзгеруі мен ұлғайуынан туындайды.

Әрі қарай...